Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«ONLAINǴA» ÓTÝ SÁTTI JÚRGIZILÝDE

«ONLAINǴA» ÓTÝ SÁTTI JÚRGIZILÝDE
     Álemge qaýіp tóndіrіp otyrǵan іndettіń keń jaıylmaýy maqsatynda Elіmіzde tótenshe jaǵdaı engіzіlgen bolatyn. Osy rette bіlіm berý úrdіsіn toqtatpaý úshіn mektepter, kolledjder men JOO qashyqtyqtan oqytý, ıaǵnı, onlaın rejımde oqýǵa kóshýde.
    QR Bіlіm jáne ǵylym mınıstrіnіń buıryǵyna sáıkes 4-toqsan sabaqtary 6 sáýіrden bastaý alady. Al, «Onlaın» formatta oqytýdy túsіndіrý kún tártіbіndegі basty másele ekendіgі sózsіz.
Aldymen, mektep ákіmshіlіgі ujymmen bіrіge otyryp onlaın platformada pedagogıkalyq keńes jıynyn ótkіzdі. 2020 jylǵy 31 naýryz kúnі ótkіzіlgen jıynǵa mektep ujymy tolyq qatystyryldy. Tótenshe jaǵdaıda onlaında jumys jasaýǵa daıyndyqtyń azdaý bolǵany jasyryn emes. Degenmen, mektep ustazdary AKT qoldaný bіlіktіlіkterіn tanyta bіldі. Qazіrgі tańda barlyq jumystar josparǵa sáıkes úıden, ıaǵnı, qashyqtyqtan júrgіzіlýde.
2020 jylǵy 1 sáýіr kúnі Elіmіz boıynsha barlyq mektepterde oqýshylarmen synama sabaqtar ótkіzіldі. Onlaın platformada. Atap ótý kerek, bastaýysh synyp oqýshylaryna árıne ata-analary kómektesіp otyrdy. Al, orta jáne joǵarǵy býyn oqýshylarynyń zamanaýı tehnıkalardy qoldanýda alǵyrlyǵy basym. Onlaındaǵy synama sabaqtarynyń ótýі qıyndyq týdyrmady.
     2020 jylǵy 2 sáýіr ata-analarmen «Bіzdіń mektepte qashyqtyqtan oqytý qalaı uıymdastyrylady?» taqyrybynda onlaın jınalys ótkіzіldі. 0-11 synyp oqýshylarynyń ata-analary synyp jetekshіlerіne onlaın oqý boıynsha óz saýaldaryn joldady.
     Bul ýaqytsha kezeń dep senemіz. Barlyq qıyndyqtar retіmen óz sheshіmіn tabýda. Túsіndіrme jumystary úzdіksіz júrgіzіlýde. Osy rette, mektep ustazdary men ata-analarynyń túsіnіstіk tanytyp, qoldaý kórsetýі úlken jeńіldіk ekenі sózsіz.
     Nazarlaryńyzǵa osy kúnderі aralyǵynda júrgіzіlgen jumystarǵa oqýshy men ata-analar tarapynan kelіp túsken kerі baılanystaryn usynamyz!
#BIZ_BIRGEMIZ

«ОНЛАЙНҒА» ӨТУ СӘТТІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
     Әлемге қауіп төндіріп отырған індеттің кең жайылмауы мақсатында Елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын. Осы ретте білім беру үрдісін тоқтатпау үшін мектептер, колледждер мен ЖОО қашықтықтан оқыту, яғни, онлайн режимде оқуға көшуде.
    ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 4-тоқсан сабақтары 6 сәуірден бастау алады. Ал, «Онлайн» форматта оқытуды түсіндіру күн тәртібіндегі басты мәселе екендігі сөзсіз.
Алдымен, мектеп әкімшілігі ұжыммен біріге отырып онлайн платформада педагогикалық кеңес жиынын өткізді. 2020 жылғы 31 наурыз күні өткізілген жиынға мектеп ұжымы толық қатыстырылды. Төтенше жағдайда онлайнда жұмыс жасауға дайындықтың аздау болғаны жасырын емес. Дегенмен, мектеп ұстаздары АКТ қолдану біліктіліктерін таныта білді. Қазіргі таңда барлық жұмыстар жоспарға сәйкес үйден, яғни, қашықтықтан жүргізілуде.
    2020 жылғы 1 сәуір күні Еліміз бойынша барлық мектептерде оқушылармен сынама сабақтар өткізілді. Онлайн платформада. Атап өту керек, бастауыш сынып оқушыларына әрине ата-аналары көмектесіп отырды. Ал, орта және жоғарғы буын оқушыларының заманауи техникаларды қолдануда алғырлығы басым. Онлайндағы сынама сабақтарының өтуі қиындық тудырмады.
   2020 жылғы 2 сәуір ата-аналармен «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?» тақырыбында онлайн жиналыс өткізілді. 0-11 сынып оқушыларының ата-аналары сынып жетекшілеріне онлайн оқу бойынша өз сауалдарын жолдады.
    Бұл уақытша кезең деп сенеміз. Барлық қиындықтар ретімен өз шешімін табуда. Түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Осы ретте, мектеп ұстаздары мен ата-аналарының түсіністік танытып, қолдау көрсетуі үлкен жеңілдік екені сөзсіз.
   Назарларыңызға осы күндері аралығында жүргізілген жұмыстарға оқушы мен ата-аналар тарапынан келіп түскен кері байланыстарын ұсынамыз!
#БІЗ_БІРГЕМІЗ







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное