Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Предотвращение коронавируса

Елімізде коронавирустың профилактикасымен байланысты шаралар күшейтілді. Жіті респираторлық инфекцияның симптомдары пайда болған немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік туған жағдайда (жөтелу, дене қызуының көтерілуі, пневмония, құсу, диарея, өкпе, бүйрек жұмысының әлсіреуі) шұғыл түрде үйге жедел көмекті шақыру немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 нөміріне тәулік бойы хабарласа аласыз. Жедел көмек бригадасының келуіне дейін профилактикалық шараларды сақтаңыз (адамдармен қатынасты шектеу, жөтелу этикасын сақтау, бетперде киіп жүру,өзін-өзі емдеумен айналыспау). 
Сақтану шаралары: 
- жеке гигиеналық талаптарды сақтау; 
- науқас адамдармен байланысқа түспеу; 
- жөтелгенде немесе түшкіргенде орамал пайдалану; 
- дұрыс тамақтану, спортпен айналысу; 
- дәруменге бай көкөністер мен жеміс-жидектерді жиі қолдану.
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз; 
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану; 
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз; 
- науқас адамдармен байланыста болмауға; 
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек. 

COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер 
1 а) санат ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея 
1 б) санат Италия 
2-санат Германия, Испания 
3-санат Жапония, Тайланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания Швейцария, ҚХР Гонконг АӘА»

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады www.dsm.gov.kz

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное