Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты сайысы.

Бүгін мектебімізде алдыңғы аптадан бері  ұйымдастырылап келе жатқан қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұлама, әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлға хакім Абайдың 175-жылдығына орай  «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты  сайыстың ақтық мәресі өтті. Сайыс 3 номинация бойынша бағаланды.

1-ші  «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»  деп аталатын мәнерлеп оқу номинация бойынша іріктелген 10-оқушының ішінде жүлделі 3-ші орынды 1 «Д» сынып оқушысы Ильяс Дарын алса, 2-ші орын 6 «А» сыныптан Рыспай Әселге, 1-ші орын 8 «А» сынып оқушысы Шаримова Эльмираға бұйырды.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндері номинациясы бойынша 3-ші орын 6 «В» сынып оқушылары Абдумуталипова Лаура мен Дауренқызы Ақниет, 2-ші орынды 8 «Б» оқушысы Шакарим Расима, жүлделі 1-ші орынды 8 «А» сынып оқушысы әуезді даусымен Даулетбай Жансу жеңіп алды.

«Абайдың даналық сөздері-өнеге көздері» қара сөздерін оқу номинациясы бойынша 12-үміткер ішінен суырылып шыққан оқушылар:
3-ші орын 5 «В» сынып оқушысы Әбділдаш Әдемі, 2-ші орын 5 «Б» сынып оқушысы Балтабай Бейбарыс, 1-ші орынды 7 «В» сынып оқушысы Ахметсапа Есен қанжығасына байлады.

Оқушыларға алғыс хаттар мен грамоталар сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының кітаптары берілді. Ендігі кезекте бұл оқушыларымызды қалалық деңгейдегі сайыстардан көріп, жүлделі орындарға ие болатынына сеніміміз мол.





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное