Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жыл мұғалімі -2020

№45  орта мектебінде  ақпанның 3-28  аралығында   мектепішілік «Жыл мұғалімі -2020»  байқауы өтті.  Байқауға 12 мұғілім қатысты.  Байқауда ұстаздың өзіндік шеберлігі мен жаңа технологияны қолдана білуіне, оқушылармен қарым-қатынас жасауы мен топтық жұмысты ұйымдастыра алуына, шығармашылық шеберлігіне де  ерекше назар аударылды.
 Байқау  үш кезеңнен тұрды.  Бірінші кезең  сырттай өтті.  Мұғалімдер  «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында эссе жазды.  Екінші кезең бойынша ұстаздар жоспар бойынша ашық сабақтар өткізді. Байқаудың үшінші кезеңі мектеп мәжіліс залында өтті.  «Мұғалімнің визиттік карточкасы»  тақырыбында  қатысушылар өздерін таныстыруларын  қорғады.
 Байқаудың қортындысы  бойынша  педагогикалық шеберлігін жан-жақты таныта білген бастауыш  пәнінің мұғалімі Бигаринова Асия Айнабековна 1-орынды жеңіп алды. Ал, екінші орынға өзін жан-жақты қырынан көрсете білген  информатика пәнінің  мұғалімі  Махамбет Салтанат Есенбекқызы  лайық деп танылды. Ал  бастауыш сыныбының мұғалімі Жантурина Жанар Нұрхановна   үшінші  орын тұғырынан көрінді.
 «Ең үздік эссе» номинациясы бойынша  Серикова Әсел Сапаровна, «Ең үздік сабақ»  номинациясы бойынша  Жантурина Жанар Нұрханқызы  мен Махамбет Салтанат Есенбекқызы  мақтау қағазға иеленді.
Барлық  қатысушылар   мақтау қағаздармен марапатталды.










 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"