Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Жас сарбаз-мейірімділікті біріктіреді" "Еріктілер жылы"

   Бүгін, 21.02.2020ж.Нұр-Сұлтан қаласындағы "Жас сарбаз" жастар қозғалысының "Жас сарбаз-мейірімділікті біріктіреді"  жобасының және "Еріктілер жылының" ашылу салтанаты өтті.

   Аталған іс-шараға  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Б.М.,Халық қаһарманы,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертайұлы, ҚР ҚК  БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы 1-дәрежелі капитан С.Ж.Борамбаев, Нұр -Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ш.М.Қадырова қатысты.

   Іс-шараға байланысты өткізілген көрмеде  Айбергенов атындағы 16 орта мектептің  "Робототехника" үйірмесінің оқушылары "Жас сарбаздықтар"  Шерим Сандуғаш, Смантай Мұхамед,Арстанбаева Дианалар өздерінің үздік жұмыстарын көрсетті. Үйірме жетекшісі А.Ауесханұлы.

  Жастардың тәрбиесінде әскери-патриоттық тәрбиенің алатын орны ерекше. "Жас сарбаз" қозғалысының "Еріктілер жылында" атқарылатын іс-шараларына сәттілік тілейміз!.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное