Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Ұлы Абайға – 175 жыл!»

         Астана қаласы №24 орта мектебінде 22.01.20 күні бастауыш сыныптар апталығы аясында 4 сыныптар арасында «Ұлы Абайға – 175 жыл!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
         Мақсаты: оқушылардың ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
           Іс-шара мектеп акт залында өткізілді. Сыныптан  тыс іс-шараны қазақтың музыкалық аспабы қобызбен Қамажай атты әуенің 4 «Ә» сынып оқушысы Қобыланды Құндыз ойнап ашып берді. Мұнда әрбір сыныпқа тиісті тапсырма берілген болатын. Нәтижесінде қызықты да тартымды, пайдасы мол, келген адамдардың, оқушылардың  философ, аудармашы, әдебиет негізін қалаушы, ағартушы, классик, композитор, ұлы ақын - Абай Құнанбаев туралы рухани білімді арттыратын  іс-шара құралды.
            Залдың бір жағында Абайдың атамыздың жазған құнды кітаптары мен шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Үлкен, кең масштабты интербелсенді тақтада Абайға арнап слайд жасалды. Киелі сахнада 4 сынып оқушылары Абайдың жылдың 4 мезгіліне арнап жазған өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар тіл мен ұғынуға қиындау болғанына қарамастан 4 сынып оқушылары Абай атамыздың жазған қарасөздері жатқа айтып берді.  Бір топ балалары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап берді. Іс-шараны 4 сыныптың екі үздік оқушы жүргізді.
            Абай Құнанбаевтің 175-жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқталды:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
 
      

       

       
 
 
 
                                          Бастауыш сынып мұғалімі: Жакишева С.К.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное