Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Менің қаламның көшелері»





«Менің қаламның көшелері» жобасының  аясында 9 «А» сынып оқушылары ұлтымыздың қайраткері Ж.Ташеновтің туған жері Ақмола облысы, Аршалы ауданында орналасқан Ж.Ташенов атындағы орта мектепке барып қайтты. Сапар барысында оқушылар мектептегі Жұмабек Ташенов туралы деректермен танысып, Жұмабек Ташеновтың өмір жолы, атқарған қызметі жайлы қызықты сұрақтарға жауап алды.  Оқушылар «Ташенов сыныбымен» танысып, «Аңыз адам», «Халықтың қайсар азаматы» секілді газет-журналдардан мәліметтер жинап, Жұмабек Ташеновтың отбасы жайлы ақпарат, фото жазбалар алды. Алдағы уақытта №27 мектеп-лицейі мен Ж.Ташенов атындағы орта мектеп арасында Жұмабек Ташеновтың есімі мен ерлігін танытып, мәңгі өшпес шырақ ету мақсатында іскерлік жұмыстар мен зерттеу жұмыстарын атқарып, түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное