Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Еуропалық тағамдардағы заманауи тенденциялар

2020 жылдың 22 қаңтар күні «Catering service» кластерін іске асыру аясында «Еуропалық тағамдардағы заманауи тенденциялар» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабақты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледж» МКҚК арнайы пәндер оқытушылары Шакиева Н. А. және Хижинская А.А. ұйымдастырды. Шеберлік сабаққа «Кейтеринг» мамандығы бойынша оқуды өткізетін «Catering service» кластерінің құрамына кіретін колледждердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары және колледж студенттері шақырылды.             Осы шеберлік сабақтың негізгі мақсаты студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру және кеңейту болып табылады. Аспазшы мамандығын кеңінен таныту.

Шеберлік сабақ барысында колледж түлектері мен студенттер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Махов Кирилл «Фитучини с курицей» және «Стейк из семги с овощами» тағамдарын жасап, пісіру технологиясын көрсетті. Муканов Алмас «Утиное филе под клюквенным соусом» тағамын дайындап қонақтарды таңқалдырды. 3-ші курс студенті Құдайберген Жақсылық шеберлік сабақта «Филе судака с овощами» тағамын дайындады.

Шеберлік сабақ өте мазмұнды және қызықты өтті. Шеберлік сабақтың қатысушылары мен қонақтары жақсы көңіл-күйге бөленді және оң әсер алды.
12  3   4

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное