Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ!»

«БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ!»
 
Бүгін 20 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясын қабылдаудың 30 жылдығын, ратификациялаудың 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Балалар үшін бірге» тақырыбымен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына мектебіміздің 11-сыныптары қатыстырылып, сынып жетекшілері тарих пәні мұғалімдері Мизамбеков Қанат Өмірзақұлы мен Алиева Ғалия Шариповна өткізді. Оқушыларымызды бүгінгі Бүкіләлемдік балалар күнімен құттықтай отырып, Бала құқықтары туралы Конвенция аясында түсініктеме беріліп, оқушылармен бірге талқыланды. Оқушылар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқықтарын жақсы деңгейде білетіндіктерімен ерекшеленді. Қанат Өмірзақұлы оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластық, құрмет аясында да болған оқиғаларымен бөлісіп, Ғалия Шариповна тарапынан қойылған оқушы құқығы аясында қойылған сұрақтарға жауап алынып, сынып сағатының мазмұны ашылды.
            

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное