Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«ИНТЕРНЕТ ОРНЫНА КІТАП» акциясы өз жұмысын бастады

Үстіміздегі оқу жылында жоспарға сәйкес «ИНТЕРНЕТ ОРНЫНА КІТАП» акциясы өз
жұмысын бастады. №74 мектеп – гимназия кітапханашылары Қаңғылбай Ақерке, Шаймерденова
Вера және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағдагүл Рақымжанқызы жүргізіп
отырған аталған акцияның мақсаты оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты
арттыру, кітаптың құндылығын насихаттау. Акция барысында 2-сыныптан бастап 11-сынып
оқушылары мен мұғалімдер кітап қорын жинауға белсенді түрде атсалысып, нәтижесінде 350-дей
кітап жиналды. Оның ішінде әртүрлі жанрлар қамтылған. Атап айтар болсақ, көркем әдебиеттер,
қазақ ақын-жазушыларының шығармалары мен басқа да шет ел әдебиеттері, психологиялық
еңбектер және балалар әдебиеті.
Кітап қорын жинауда көш бастап тұрған сынып 8 «Б» сыныбы (36 кітап өткізді) болса, 7 «Б»
(28 кітап) және 10 «Б» (27 кітап) сыныптары екінші көрсеткіште тұр. Ал оқушылар арасында ең
көп кітап өткізген 8 «Б» сынып оқушысы Сәтхан Диас (22 кітап) болса, 2-орынды 5 «В» сынып
оқушысы Әлібек Адема (15 кітап), 3-орынды 6 «Ә» сынып Бахитова Айдын (11 кітап), 8 «А»
сынып Мақсат (11 кітап), 10 «Ә» сынып Қонысова Измира (10 кітап) иеленді.
Бұл акцияға тек оқушылар ғана емес, мектептің кез келген қызметкері қатыса алады. Осы
тұрғыда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағдагүл Рақымжанқызы бастап, өзін-өзі
тану мұғалімі Патима апайымыз, орыс тілі мұғалімі Алтынай Сүлейменқызы және Айнұр
Жанұзаққызы да акцияға өз үлестерін қосып, белсенді жұмыс жасағанын атап айтуға болады.
Аталған акцияның жұмыс жоспарына сәйкес, қараша айының 11-і күні кітап қорын жинауға
белсене қатысқан сынып және оқушы мектеп директорының алғыс хаты және бағалы
сыйлықтармен марапатталып, акцияның ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Бұл шара
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығының

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное