Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Абай оқулары»


Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Мектепшілік жоспарланған іс-шараның бірі 15 қарашада №22 мектеп-гимназиясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Абай оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:
-Ұлы ақынның өнегелі  шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айту. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке,   инабаттылыққа баулу.

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлына арналған сайысымызға 2-11 сынып оқушылары қатысты.

Байқауға қатысуға өтініш берген  оқушылар саны 122.

2-4 сынып оқушылары бастауыш мектептің кітапханасында, ал орта буын яғни 5-7 сынып оқушылары негізгі мектептің кітапханасында, 8-11 сынып оқушыларының байқауы акт залында өткізілді.

Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын: білім, ғылым, өнер, табиғат тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын, қара сөздерін жатқа оқыды.

5 «Е» сыныбы сахналық көріністі көркем шеберлікпен орындады. Абай әндерін 11 сынып оқушысы Скнарина Полина, 5 «В» сынып оқушысы Каден Алтынай, Бурбуркин Ярослав-  әдемі шырқады. Бастауыш сыныптан Досмағамбетов Даниал, Абдунаби Мейіржан, Ермолова Дарья, Абдрахманов Серік, Баластов Денис мәнерлеп оқудан үздік атанды.

Байқау қатысушыларының жұмысын мектептегі қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдерінен құрылған  қазылар алқасы, олар бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Қазылар алқасы шешім шығару барысында байқаудың бағалау критерийлерін  басшылыққа алды.

Байқау жеңімпаздары мақатау қағазымен марапатталды.

Байқау соңында  қазылар алқасының төрайымы Мутаирова Б.К сөз алды.

Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты  – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі байқаудың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсіндік деп ойлаймын.
сымен сайысымыз  аяқталды,Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар және де сайысымыз өз мақсатына жетті деп санаймын.

  Байқау көріністері:

  

 

  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное