Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ...

МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ...
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 8-9 сынып оқушылары арасында мектепішілік әлеуметтік жобалар мен мәселелерді талқылау сағаты өтті. Былтырғы оқу жылынан бастап оқушыларымыз болашақ мамандық таңдау жолын мектептің Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен бірнеше тәжірибелік жұмыстарға қатысып, өз көздерімен көріп келген болатын. Осындай шаралар оқушының тұлға ретінде сезінуіне, қандай да бір мақсат қоюына себеп болатыны белгілі. Бүгін оқушыларымыздың жобаларымен таныса отырып, олардың қоғамдағы кез-келген мәселеге бей-жай қарамайтынын байқадық. 9-сынып оқушысы Ахметова Диананың «Иттерге қалай көшбасшылық етуге болады» тақырыбындағы ізденіс жұмыстары барлығымызға ой салды және тыңдарман оқушыларға жаңа әлеуметтік жоба үшін жол салды. Диана бұл жобамен дүниеге келгеннен бастап таныс екені байқалды. Зерттеулері жеткілікті. Болашақ мамандығы айқын. Диана болашақта «Иттен қорқатын адамдар үшін» бірнеше пайдалы бейнероликтерін «Мектеп-ТВ» жобасының қолдауымен жариялап отыратын болды. Қазіргі таңда мақсаты анық,  сол мақсатқа жету жолындағы Диананың бүгінгі алғашқы қадамына сәттілік тілейміз. Диананың болашағынан үміт күтіп, сенім білдіріп жүрген және осы жобасын жазып шығуда адал серіктеске айналған сынып жетекшісі Жакупова Сауле Аменовнаға алғысымызды білдіреміз.
         

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное