Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Жас сарбаз» ұландарының салтанатты ант қабылдау рәсімі

2019 жылғы 13 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында «Жас сарбаз» ұландарының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыру және жаңа қазақстандық патриотизм идеясы негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және біздің еліміздің болашақ іргетасын қалайтын жастарды әскери-патриоттық тұрғыда әскери қызметке тәрбиелеу мақсатында 2019-2020 оқу жылында «Жас сарбаз» сыныптары ашылды. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы жас сарбаздар мен ата-аналарды құттықтап, бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Ұландарымыз үшін есте қаларлық күні қамқоршылык кеңесінің төрағасы Абдижалилов Атахан Усманханович те қолдап келіп, ыстық лебізін білдірді. "Бүгінгі жастар-ертеңгі ел болашағы" дегендей,  әскери тәртіпке бет бұрған 52 сарбазымыз Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары және патриоттары болатындығына, Отанды ыстық сүйіп, қадір-қасиетін ешқашан түсірмей, Қазақстанды өз жүректерінде мақтанышпен алып жүретіндеріне кәміл сенімдіміз!
                 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное