Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Педкеңес

09.11.2019ж. №14 МГ «Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі сынып жетекшісінің рөлі және ата-ана мен мектептің өзара әрекеті » атты педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық  кеңеске мектеп директоры Надеин О.А., мектеп әкімшілігі және мектептің педагогтары қатысты.
Педагогикалық  кеңесті мектептің сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі, педагог-шебер Калыкова Т.Ж. өткізді.

Педагогикалық кеңестің  мақсаты :

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлін анықтау және отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылар мен ата-аналармен жұмыс жасау мазмұны, формалары мен әдістерін қайта құрылымдау.

Педагогикалық кеңестің міндеттері :

- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда және отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыруда сынып жетекшісінің жұмысының негізгі бағыттарын көрсету;

- оқушылар және ата-аналармен жұмыс тиімділігіне әсер ететін факторларды көрсету;

- ата-аналарға педагогикалық тәрбие беруде сынып жетекшілерінің жұмысының стандартты емес формалары мен әдістерін қарастыру.


Педагогикалық кеңес жоғарғы деңгейде өтті. Сөз сөйлегендер:

- мектеп директоры Надеин О.А.;

- ОТЖ бойынша дир. орынбасары Кольцова Т.А., 1-тоқсан қорытындысы бойынша;

- қазақ тілінде оқытылатын бастауыш сыныптар бойынша ОТЖ  дир. орынбасары Батыргалиева Ш.Х.    «Бастауыш сынып оқушыларына отбасылық және ұлттық тәрбие берудің маңызы»    тақырыбында баяндама оқыды;

- өзін-өзі тану пәні ӘБ жетекшісі Ергалиева Н.У. «Өзін-өзі тану»  сабақтары арқылы рухани-адамгершілік тәрбие беру» тақырыбы бойынша баяндама оқыды;

- мектеп психологы Курмангалиева Г.Ж. "Жеке тұлғаның қалыптасуы және жағдайы" тақырыбы бойынша баяндама оқыды;

- бастауыш ысынып мұғалімі Григорчук Н.И.  «Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі сынып жетекшісінің рөлі» тақырыбыбойынша баяндама оқыды. (жұмыс тәжірибесінен).

Баяндамалардан кейін мұғалімдер топтарға бөлініп педагогикалық кеңес тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылады. Спикерлер талқылау нәтижесі бойынша сөз сөйледі. Отырыс соңында сарапшы комиссия  педагогикалық кеңес шешімін шығарды.

     


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное