Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат"»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
«Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат"»
 атты жобаның  ашылуы

               18 қазан күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Бірінші Елбасы кітапхана мұражайында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» атты жобаның салтанатты түрде ашылу өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасының директорының  орынбасары Ботагөз  Қайыпова,  Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің басшысы Нурпейсов Үкібай Абдуманапұлы, «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарын сақтау дирекциясы» ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Смаилова Шолпан Қалиханқызы, №15,18,19,21,35 мектеп ұжымы және оқушылары қатысты.

       Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасының директорының  орынбасары Ботагөз  Қайыпова  өз сөзінде:  тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып, жетіп отырған ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болып табылатынын айтып, жаңа  жобаның бастамасына ақ жол тіледі.              

         «Өсетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел жаспен жазады» демекші, «Мәдени-тағылымдық іс-шараларды өткізудегі мақсатымыз – тарихи өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жас­тардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету болып табылады.

Іс-шара барысында қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жаңа жобаға сәттілік тіледі. Мектеп оқушылары би билеп ән айтып, өз өнерлерін де көрсетті.

       Іс-шара соңында 2019-2020 жылға арналған «Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат"» атты жобаның бір жылжық жоспарымен таныстырылды. Жобада әдеби кештер, танымал тұлғалармен кездесулер, экскурсиялар, конференциялар және де әртүрлі байқаулар өтетінін айтып өтті.

       Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткендей, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — ұлттық кодыңды сақтай білу деген болатын. Ескерткіштер қашанда ұлттық тари­хымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное