Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жеңіс күні - ұлы мереке!

Жеңіс күні -  ұлы мереке.

 

1945 жылдың 9 мамыры  жыл өткен сайын бізден алыстауда, алайда   ол күннің  біздің  аталарымыз бен  бабаларымызға  қандай қиындықтың арқасында келгенін білеміз және  сол кездегі батырларымызға басымызды иеміз.

Жеңіс күні – Қазақстандағы  ең қадірлі мейрамдардың бірі де бірегейі.

Астана қаласындағы № 21 орта мектепте  дәстүрлі түрде Жеңіс күніне арналған іс-шаралар  асқан салтанатпен өткізілді.

1-4 сынып оқушылары  Ұлы Жеңістің 71-жылдық мерекесін атап өту, Ұлы Отан соғысының қиындығын бастан өткерген азаматтарға құрмет көрсету үшін  жиналды.

Мерекеге оқушылар, ата-аналар, ұстаздар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері де қатысты. Мектеп мұғалімдері Гульмира Ануарбековна Бекмаганбетова мен Гульсина Закировна Мельник  1г, 4а сынып оқушыларының күшімен  өте жақсы мерекелік концерт ұйымдастырды.

Мереке соңында  оқушылар  ардагерлермен  бірге  Құрметті  «Ардагерлер аллеясына»  жас көшеттер отырғызды.

Сөз жоқ, мерекеден кейін әр оқушының  бойында  аға буын өкілдеріне деген  ризашылық, Отан үшін отқа түсіп, елдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жандарын пида еткен адамдарға деген үлкен  құрмет  орын алды деген ойдамыз.


 

 

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное