Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

1 мамыр - халықаралық ынтымақ күніне орай өткен «Ынтымағы жарасқан ел» атты іс-шара

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп – гимназиясында 1 – мамыр халықаралық ынтымақ күніне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты іс- шара өткізілді.

Бұл іс - шараның мақсаты оқушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейте отырып, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату- тәтті тұрады. Мамыр – достық мерекесі. Бұл еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүниежүзілік жұмысшылырының ынтымақ күні. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, бір шаңырақ астына жиналып өз тілдерінде өлеңдер оқыды. «Тәуелсіз елдің ұланымыз», «Қазақстан – ортақ Отанымыз», «Балалық шақ», «Отан», «Әрқашан күн сөнбесін» атты әндер орындалды.
Сонымен қатар мектебіміздің республикалық байқау жеңімпаздары « Наурыз » би тобының орындауында қазақ, өзбек ұлттық билері орындалды.Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің орындауында 2 сынып оқушылары: Қанат Сымбат, Қалымбек Зере, Дәй Минь Кунь қытай әнін орындады.Шешен биін Хусейнова Имани, «Мен қазақтың қызымын» әнін Қайсар Дария, Шупило Алина орыс биін, 4 сынып оқушылары үнді биін, бірінші сынып оқушылары қазақтың «Қара жорға » биін мың бұрала биледі. Бұл іс - шараға мектеп әкімшілігі қатысып өте жоғары деңгейде өтті деп баға берді.





























Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное