Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жігіт сұлтаны-2016» сайысы

Әй, тәкәппар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені

Мен Қазақтың баласы – деп жырлағандай   «Таныстырсам өзімді ... »

бөлімінен басталған сайыс   8-10 сыныптар арасында  өте тамаша болды.

«Сегіз қырлы, бір сырлы», «Күш атасын танымас» шарттары да өз мақсатына жетті. Оқушылардың  ақыл-ой  тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салу әділ қазылар алқасына оңай болған жоқ. Оқушылар  мың  құбылтып  ән   салды, күмбірлете күй тартты.  «Жігітке  жеті  өнер  де  аз» дегендей  кір тасын да көтеріп көрермендердің көз айымына айналды.

Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар-

деп ақындарымыз жырлағандай мектебіміздің сері жігіттері әр оқушының намысын оятты. Байқау қорытындысы бойынша

Бас жүлде - 10 «А» сыныбы, жетекшісі Байтасова Панзанкүл

І орын – 10  «Ә» сыныбы, жетекшісі Смағұлова Н.Б.

ІІ орын – 10 «Б» сыныбы,жетекшісі  АбуеваА.Ғ.

ІІ орын – 8 «Б» сыныбы,жетекшісі ӘреноваЖ.С.

ІІІ орын - 8 «В» сыныбы,жетекшісі Абдықадырова А.А.

ІІІ орын – 9 «А» сыныбы, жетекшісі Бейсембаева Ә.М.

ІІІ орын – 9 «В» сыныбы, жетекшісі Қожахметова Б.Қ.

Мектебіміздің  «Сері» жігіттері бүгінгі білім мен ғылым заманында үлкен белестерден көріне беріңдер!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное