Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Құрметті ардагерлер! Сіздерді ұлы мереке-Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

№64 мектеп-лицей оқушылары  Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған бірқатар іс-шараларын өткізді.  6-мамыр күні соғыс ардагерлері мен тыл майдангерлеріне арнап  сынып сағаттарын ұйымдастырды. Онда оқушылар соғыс жайлы өлеңдерін оқып, ардагерлерге арналған концерттік бағдарламада өнерлерін көрсетті. Сынып сағатының соңында балалар ардагерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың  ақ баталарын алды. Ал оқушылар және олардың ұстаздары ардагерлерге арнап кәде сый ұсынды. Ардагерлер  мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға және оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Осы іс- шара соңы мектеп алаңында 9-сыныптар оқушылары  арасындағы «Ән саптық  шеруі» байқауымен өз жалғасын тапты. Бұл байқауда  мектеп-лицейінің ЖҚЖИ тобы сапта жүру өнерінүлгі ретінде қатысушыларға ұсынды. 
Мереке әрі қарай өз жалғасын мектеп-лицейдің ер ұстаздарын 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен  құттықтау рәсімімімен жалғасын тапты.
Ал түс ауа 7,8 сынып оқушылары мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ұйымдастырушы –педагогтың бастауымен Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, соғыс батырларын еске алу рәсімін жасады.
6-мамыр күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері «Мәңгі алау»  жанында  кезек  ұйымдастырды.
                                          

Құрметті ардагерлер!

               Сіздерді ұлы мереке-Жеңіс Күнімен шын жүректен  құттықтаймыз!

            Биыл біз Жеңістің 71 жылдығын мерекелеп отырмыз. Жеңіс Күні- біздің бостандық пен бейбітшілігімізді қорғаған әкелеріміз бен аталарымызды еске алу күні. Оларды есте сақтап, ұмытпау- біздің міндетіміз, қасиетті парызымыз. Отанға деген сүйіспеншілік сезімге, жастарды Отанды қорғауға тәрбиелеп, үлгі болғанға Сіздерге- ардагерлер, алғысымды білдіреміз. Сіздер сияқты, қайсар ұрпақ өкілдері Отанға қызмет етіп, өздерінің жауынгерлік еңбегімен біздің жасампаз елде өмір сүруімізге, еркін мемлекет пен демократиялық қоғам құруымызға мүмкіндік берді.

  Қымбатты достар!

Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, өмірге бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын ағайын!

 



































                                          


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное