Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні

1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай    «Қазақстан – достық мекені» атты 5-8 сыныптар арасында фестиваль өтті. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелген.

Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта әр сынып оқушыларының қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп – гимназиясында акт залында 30 сәуір күні әр сынып таңдаған ұлт өкілдерін бағдарлама бойынша ұлтты таныстыру мен қатар мәдениеті, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдарын  таныстырды. Сол ұлттық киімдерімен шығармашылық ән-билерін нақышына келтіріп, орындай білді.

5 А,Ә-қазақ ұлты, 5 Б-жапон ұлты, 5 В-шығыс халықтары, 6 А-корея ұлты, 6Ә-орыс ұлты, 6 Б-Америка ұлттары, 6 Г-грек ұлты, 7А-үнді ұлты, 7 Ә-қазақ ұлты, 7 Б-украин ұлты, 7В-испан ұлты, 8 Б-кавказ ұлты, 8В –үнді ұлты, 8 Г-австрия ұлттары жайлы толық мағлұматтар берді.       

5 Б сынып жапон ұлты

   Достық екен өмірде ең керегі,

   Достық болып дүние дөңгеледі.

   Өзендегі толқындар дос болып ағып,

   Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

6 А-корей ұлты

Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен бірі туысқан,

Қол ұстасып ел жатыр

Грек, испан, үнді.

Терезесі тең жатыр.

     6Г-грек ұлты,  6Ә-орыс ұлты,  6 В сынып,  7 А  қазақ ұлты,  7 В сынып украин ұлты,                                                                                    7 Ә үнді ұлты, 8 Б сынып -  кавказ ұлт өкілдері, 8 Г Австрия ұлт өкілдері

  Қазақ осы-айтатұғын елге сыр, о ағайын,Халық емес ол кесір.

 Қазақ осы –аңғал-саңғал жабусыз, қазақ осы-ағыл-тегіл, көл-көсір.

 Қазақ осы-дала дейтін, күн дейтін, қазақ осы-өнер алды тіл дейтін.

 Қазақ осы-қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба жатырқауды білмейтін!

Қазақта «Отаны бірдің –тілегі бір,жүрегі бір»деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа  болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп,д үние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз!

            Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!

 5 А, Ә сынып «Жаса Қазақстан» әні хормен  орындалды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық аясында өткен «Қазақстан достық мекені» атты  1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивальде барлық сыныптар грамоталармен марапатталды.

           

              

         

          
 
        

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное