Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Төлеген Айбергеновтың туғанына 79 жыл толуына орай VII қалалық оқуы болып өтті

Сен менің өзімді көрсең...
Мектебімізде 27 сәуір күні талантты тұлға, жай отындай жарқ етіп жоқ болған, ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 79 жыл толуына орай  VII  қалалық оқуы болып өтті.

Біз ақынның өзін көрмедік, бірақ сөзін көрдік, ғаламат сезімге толы жырын көрдік.  Небәрі 30 жыл өмір сүрсе де, жырлары оны ғұмырлы қылып келеді. Әр жыры бір әлем, бір тағдыр, бір төңкеріс, бір жаңалық,  бір жаңашылдық. Ақынның  осындай жырлары соңынан ерген жас буындарды өлеңге, өмірге, өнерге деген махаббатын күшейтпесе азайтқан жоқ. Биыл да соның куәсі болдық. Себебі,  әр мектептен келген қырыққа жуық  оқушы  ақынның жырларын жатқа оқыды. Ақынның  керемет сезімге толы өлеңдері тыңдарманның таңдайын қақтырды, өлеңінен жаңа жарық жақтырды.  «Иә, сен ойланар ең, толғанар ең бармақты тістеп тұрып» ақынның артынан ерген жас ақындарды көргенде, олардың өнерге деген махаббатын көргенде «жүрегің қалмас еді, бір рет ыршып түспей».

Осы іс-шараға мұрындық болған Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтілеуқызы алғы сөз сөйлеп кешті салтанатты түрде ашып берді. Халқын қалтықсыз сүйген бір тума таланттың өмір жолынан сыр шертілетін слайдтар мен видеолар көрсетілді.

Ал, оқушылардың өнеріне кәулік етіп, әділ қазылық еткен  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Қамаева Сәруар Абылашқызы. ҚР мәдениет қайраткері , «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші, композитор «Есіл ағады»; «Тамшылар» әндерінің авторы -  Есімханов Ахмедия. Ақын, «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің гран при иегері, журналист, «Әдеби портал» сайтының бас редакторы – Бауыржан Қарағызұлы.

3 кезеңнен тұрған байқаудың «Сендер менің бақытымның бұлағы» деп аталатын ақын шығармасын жатқа оқу бойынша 1 кезеңінде  жүлделі орындарды:Бас жүлде   №24 ОМ оқушысы Жүсіп Аяулым; І орын    №19 ОМ оқушысы  Абилбекова  Динара;ІІ орын  №40 ОМ оқушысы  Жаңбырбай Алмас;ІІ орын  №66 МЛ оқушысы  Төлегенова Сұлушаш;ІІІ орын №4 ОМ оқушысы  Әділқазы Айым;ІІІ орын №18 ОМ оқушысы  Рақым Аружан иеленді.

2 кезең «О, толқындар арпаласып алға шық» деп аталып, оқушылар өз шығармаларын ортаға салды. Және әділ қазылардың шешімі бойынша: Бас жүлде   №69 ОМ оқушысы Салықов Азамат;І орын    №62 МЛ оқушысы Жарылқасын Сырым; ІІ орын  №68 ОМ оқушысы  Сейтенова Айша; ІІ орын  №58 ОМ оқушысы  Олжабаева Аяулым; ІІІ орын №35 МЛ оқушысы  Мәулен Нұртөре;ІІІ орын №54 МЛ оқушысы  Ерікқызы Айлана;ІІІ орын №78 ОМ оқушысы  Рабилов Нұралы  иеленіп, сайыскерлердің өлең-жырлары марапатталды.

3 кезең ақын өлеңдеріне шығарлыған әндерді орындау мақсатында «Не деген мынау тасқын ән» деген тақырыпта әсерлі әндер шырқалып, нәтижесінде: І орын    №51 МГ оқушысы Жортуыл Ерасылғали; ІІ орын    №63 МЛ оқушысы Еркін Серікбол;ІІ орын    №44 МЛ оқушысы Садуақасова Айнұр ;ІІІ орын   №5   МГ оқушылары Досаева Ардақ, Қабден Аружан ;ІІІ орын   №16 МЛ оқушысы Зыкова Валерия иеленді.

«Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты, Мен өлемін өзімнің биігімде!» деп өзінің биіктігін өлеңмен дәлелдеп кеткен ақын жырларымен әрқайсысымыз сырласқандай әсер алдық. Әдебиет әлемінде ойып тұрып орынын қалдырған аяулы ақынымыздың жырлары өзіндей өрімдей жас таланттар барда өлмек емес! Керсінше жылдан-жылға жаңарып, жасарып  туылмақ! Біз соның куәсі болдық!

«Ақынның аты өлмейді»...

             Хабаров Мақсат Саматұлы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное