Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жоғары сынып оқушыларына арналған пәндер саны 13-ке дейін қысқарды

  Елімізде жаңа білім стандарттарына сәйкес әр оқушы ойлау қабілеті жоғары әрі жан-жақты тәлім алып шығады. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатқан елімізде 30 мектеп бар. Пилоттық жобаның нәтижесі де көңіл көншітеді. Енді 2022 жылдан бастап еліміздегі барлық мектептер осы жүйе бойынша білім бермек.
  №69 мектеп-гимназиясында 1 сыныптан бастап әріп тануға ғана емес, сондай-ақ жауапкершілік пен жан-жақтылыққа үйретеді. Мұнда оқушылар өз-өздеріне баға қойып, айтар ойын еркін жеткізе алады. Астана іргесіндегі білім ордасы Назарбаев зияткерлік мектебінің негізінде жұмыс істейді.   Құсни Жүнісова, № 69 мектептің директоры: - Бізде сабақ ойын түрінде өтеді. Оқушыларды топ-топқа бөліп, ортақ тапсырма береміз. Олар соңында бір-біріне баға қойып, өз шешімін тұщымды жеткізе біледі. Мектепте жүргізілген сауалнамаға қарағанда, бұл жаңашылдық оқушылардың көңілінен шыққан. Ал жақында бұл бағдарлама жоғары сынып оқушыларына да жетеді. Алмагүл Мұхамедханова, НЗМ тәжірибе алмасу орталығының директоры: - Енді Алгебра мен Геометрия сынды пәндер біріктіріліп, оның орнына Математика пәні болады. Білім беру жүйесінде интеграция маңызды. Біз оқушының жан-жақты болуын қалаймыз.
  Бұрын жоғары сынып оқушылары 19 пән бойынша оқыса, енді олардың саны 13-ке дейін қысқарды. Сондай-ақ тәлімгерлер өздеріне ұнайтын пәнді таңдау құқына ие болады. Бұл болашақ мамандығына ыңғайлы негіз болмақ.  Алмагүл Мұхамедханова, НЗМ тәжірибе алмасу орталығының директоры: - Қазір бұл тәжірибе басталып кетті. Бірінші сыныптарға енгіздік. Келесі оқу жылынан бастап екінші, бесінші және жетінші сыныптарға да осы жүйені енгіземіз. Білім берудегі жаңа стандарттардың тағы бір ерекшелігі – үш тұғырлы тіл. Оқушылар Информатика, Физика, Химия және Биология пәндерін ағылшын тілінде оқитын болады. 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное