Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сәулеті сәнді Астана!

  2016 жылдың 22 қаңтар күні «Жаңа қала ойлайық, Астананы сомдайық!» атты ғимарат макеттерін жасау сайысы өткізілді. Астана қаласының сәулетін жобалау арқылы өз Отанына деген құрмет сезімінің қалыптасуына ықпал ету және «Ата-ана – Оқушы – Мектеп» ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс – шараға 2 сынып оқушылары мен ата –аналары қатыстырылды.
  Сайыс ережесінің талаптарына сай жобаны қорғауда – макеттің көлемі, жасалу мәнері, қолданылған материалының ерекшелігі мен түп нұсқаға ұқсастығына әділқазы алқалары аса мән берді. Әділқазы мүшелері: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серикбаева Зейнегул және өзін – өзі басқару ұйымының мүшелері: Омарбаев Бекзат пен Сулейменов Ернар. Сайыстың қорытындысы бойынша  бас жүлдені 2 «Д» сыныбы; І орынға 2 «А» және 2 «Б» сыныптары; ІІ орынға 2 «Ғ» сыныбы; ІІІ орынға 2 «Г» сыныбы ие болды.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное