Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»

 

    Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте 21.01.2016 ж. күні кешкі сағат 18:00-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы жалпы қоғамды ойландырып отырған мәселелердің бірі «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға» байланысты болды. Ата-аналар жиналысын ұйымдастырушылар – мектептің жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар мен мектеп инспекторы, жаңа форматты ұстаздар, тақырыпты әрі терең мазмұнда, әрі жаңаша оқытудың тәсілдері арқылы ата-ананың өз бетімен түсініп кетуіне орай қарастырды. Жиналыс барысында тақырыптық баяндамалар жасалып, топтық жұмыстар, жағдаяттар, психологиялық тренингтер жүргізілді және рефлексиялар алынды. Ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар туындап, тіпті ұсынылған жұмыстың электронды нұсқасын алып, бұл тақырыптың бүгінгі күнде әрбір ата-ана үшін маңызды екеніне мән берген ата-аналар да болды. Негізгі тақырып аясынан бөлек, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі мен «Кәсіптік бағдар беру» мәселесі де жиналыстың күн тәртібіне қойылып, арнайы шақыртылған колледж және жоғарғы оқу орнының қызметкерлері де келіп біріккен жұмыс көрсетілді.

    Қорытындылай келе, мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері «Қай заманда да әрбір ел өз ұрпағының қамын ойлап, солардың тыныштығын күзеткен. Олай болса, біздің мақсатымыз да сіз бен бізге ортақ бала қамы, олардың бейбіт заманда бейбіт өмір сүргенін тілейтін адал ниетімізбен ұштасып отыр. Құрметті ата-аналар, баршаңызға отбасылық тыныштық тілейміз», - деген сөздермен аяқтады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное