Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қалалық олимпиада қорытындысы

Астана қаласында 2015-2016 оқу жылының 5-6 қаңтар күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасының III (қалалық) кезеңі болып өтті. Қалалық олимпиадаға мектебіміздің мектепішілік және аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орын алған 67 оқушы қатысты. Олимпиада мектепте өтілетін негізгі 11 пәннен болды. Яғни олар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, математика, информатика, химия, физика, биология, география пәндері. Мектебіміздің қалалық олимпиадада көрсеткен көрсеткіші төмендегідей:

Пән                                  

Жалпы      

I        

II      

III    

Грамота  

орын    

Сапа   

1

Математика

11

 

1

2

1

3

27%

2

Физика

10

 

 

1

1

1

10%

3

Информатика

2

 

 

 

2

 

 

4

Химия

5

1

2

1

 

4

80%

5

Биология

10

1

3

2

 

6

60%

6

География

6

 

 

1

2

1

16%

7

Қазақ тілі мен әдебиеті

4

1

 

 

1

1

25%

8

Орыс тілі мен әдебиеті

4

1

 

 

 

1

25%

9

Ағылшын тілі

5

 

1

 

 

1

20%

10

Қазақстан тарихы

6

 

3

 

1

3

50%

11

Құқық негіздері

1

 

1

 

 

1

100%

 

Жалпы

64

4

11

7

8

22

34,30%

8-сынып оқушысы Жұмахан Нұршат қазақ тілі пәнінен, 10-сынып оқушысы Кабульдинова Аина орыс тілінен, 9-сынып оқушысы Сапар Нұрсұлтан химия пәнінен, 10-сынып оқушысы Серікбаева Айдана биология пәнінен жүлделі I орынды иеленді. Наурыз айында өтетін Республикалық олимпиадаға мектебімізден ерекше білімімен көзге түскен 8 оқушы жолдама алды. Яғни олар орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, химия, биология, математика пәндерінен I және II орын алған оқушылар: Кабульдинова Аина, Сапар Нұрсұлтан, Серікбаева Айдана, Ғабдірашитова Аружан, Боранбаев Қуандық, Мейрам Серикболсын, Нарбаев Бақдәурен, Нұридин Марал. Қазіргі таңда Республикалық олимпиадаға баратын оқушыларымыз қызу дайындық үстінде. Мектептегі жетекшілері және мектептен тыс Назарбаев университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білікті мамандары мен білімді студенттерімен жұмыс жүргізуде.

            

            

            

            

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное