Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«10 жылдыққа 10 игі іс» акциясы

Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Зердеге» - 10 жыл» тақырыбы аясында «10 жылдыққа 10 игі іс» акциясы басталды. Яғни бұл шара мектебіміздің 10 жылдық мерейтойының аталып өтуінің бір бөлігі болып есептеледі. Аталған шараға мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және мектеп ұжымы түгелдей қатысып, атсалысады. Акцияның мақсаты: ата-аналармен бірлескен шараларды нығайту, ынтымақтастық қалыптастыру. Бұл игі істерге  қайырымдылық жасау, мектепті көгалдандыру, кітапхана қорының молаюына үлес қосу, оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мектеп тарихына,дәстүрлеріне баулу т.б. сынды көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жатады. Аталған акцияның жұмысы басталып та кетті. 23.01.2016ж күні 6 «Ә» сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесіп мектеп алдындағы қарды тазалады. Оқушылардың ата-аналары бұл шараға түгел қатысып, балаларының еңбекке деген қызығушылығын арттырды.

                                
     
                                


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное