Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жазушының мұражайында әдебиет сабағы

Біздің колледжде оқытушылар сабақты стандартты емес түрде өткізуге тырысады. Қазақ әдебиеті бойынша сабақтың тақырыбы – «Қазақ жазушысы Сакен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығы».
Қазақ әдебиеті оқытушысы Искакова А.А. оқу-өндірістік шебері Узбайрова А.Т. бірлесе отырып 1ТРА-215 топ студенттері үшін С.Сейфуллин атындағы мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
 Студенттер мұражайдың алты залында орналасқан экспонаттармен танысты. Мұражай экспозициясына жататын әр зат арқылы студенттер ұлы ақының өмір сүрген және өз шығармашылығын қалыптастырған уақытқа саяхат  жасады. Мұражай қорында 5 мың заттар орналасқан, соның ішінде Сакен және оның отбасына қатысты фотоматериалдар, кітаптар, ешкім білмейтін құжаттар, мұрағат құжаттарының көшірмесі, жеке заттары. Сонымен қатар, бұл жерде жазушының өмірі және шығармашылығына арналған сурет және мүсінді өнер туындылары орналасқан.
Бұл сабақ студенттерге ұмытылмас әсер қалдырды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное