Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жас дарындарымыз топ жарды

Жақында "Рух" психология және тұлғаны дамыту орталығы" ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткен І аймақтық мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушылары арасындағы "Жас данышпан" шығармашылық және зерттеу жұмыстары сайысында "Жас дарын", "Ғылым үшін маңызды" аталымдары бойынша 4 "Ә" сынып оқушылары Әлім Мариям мен Алдамжарова Ақбота І орынды еншілесе, "Жігер", "Маңызды тақырып" және тағы да "Ғылым үшін маңызды" аталымдары бойынша 1 "Г" сынып оқушысы Атамбаева Дильнур, 4 "Ә" сынып оқушылары Беркеева Аружан, Құралбай Тоғжан ІІ орынға қол жеткізді. Осындай дарынды оқушыларды дайындағаны үшін Рүстемова Жанар Тлеубергеновна мен Жакупова Әсел Нұрлановна І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Ал осы байқаудағы "Әдебиет әуесқойлары" мәнерлеп оқу сайысының "Әдебиеттік шығармашылық" аталымы бойынша Есіл Жанаргүлдің дайындаған 1 "Г" сынып оқушысы Ермағанбетова Зере ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласы Білім басқармасы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырған "Астана бүлдіршіндерінің суреті" атты компьютерлік сурет көрмесінде "Есірткісіз келешек" тақырыбында мектебіміздің 10 "Ә" сынып оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Алтай Әділ І орын, Турлюбеков Бексұлтан ІІІ орынға ие болды. Ал 7 "Ә" сынып оқушысы Қапсаттар Алтынай алғыс хатпен марапатталып, мектебіміздің абыройын асырды. 

 

 

 

Ұйымдастырушы педагог: Сағидолда Қ.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное