Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тіл мен өнер – егіз

   Мектебімізде 6 сыныптар арасында «Тіл мен өнер – егіз» атты танымдық интеллектуалдық сайыс болып өтті.  «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық»

     Тумысынан дана боп туған данышпан Абайдың осы бір тұжырымы мейлі қай дәуірде болса да маңызын жоймақ емес. Бұдан жүз жирам жыл бұрын ұлы ойшылдың көкірегін қақ жарып шыққан осы бір ақиқатқа бүгінгі таңдағы біздің ғасырымызда бас шұлғып қосылғандай. Бұған дәлел бүкіл әлемнің тізгінін ұстап отырған қазіргі алпауыт елдер арасындағы болып жатқан Байтұрсыновша айтсақ «Білім жарысы». Қазір жұрттығын жоймай, ел болып етегін жабудың қамын күйттегісі келетін кез-келген ұлт үшін басқа емес әуелі білім керек болды. Бізге де солай. Алаштың алдағы алтын ғасыры үшін әлемдік ғылымның жілігін шағып, майын жеп, техниканың құлағында ойнайтын ойлы ұрпаққа қазақ қоғамы ауадай зәру. Аталған мақсатпен бүгін мектебіміздің акт залында қазақ тілі пәні бірлестігінің атынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұратова Индира Жарқынбекқызының ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында «Тіл мен өнер – егіз» атты интеллектуалдық сайыс өтті. «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын тұрынде жүргізілген шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Бексейітова Айгүл Бұхарбайқызы және Нұрпейсов Нұрдәулет қазылық етті. 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное